Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Жайық өзеніне заңсыз тор салып балық аулаған

Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерлері Жайық-Каспий аумағындағы мұз айдындарында заңсыз балық аулаудың алдын алуға бағытталған, бірқатар шаралар ұйымдастырды.
Өткізілген іс-шара барысында 10 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабының 1,2,3 бөлімімен яғни, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу іс-әрекеттері бойынша 10 әкімшілік хаттама жасақталып, оларға байланысты барлығы — 103500 теңге айыппұл салынды. Оның 34500 тг көлемінде айыппұл өндірілді.
Сонымен қатар, иессіз 35 дана ау-тор анықталып, 159 дана қара балықтары суға жіберілді.
Back to top button