Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.
«Азаматтардың сапалы және тиімді бағадағы баспанаға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Былтыр елімізде 15 млн шаршы метрді қамтитын 130 мыңнан астам тұрғын үй мен пәтер салынды. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 17 процентке артып, 2,9 трлн теңгеге жетті», — деді Р. Скляр Сенаттағы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда.
Оның айтуынша, биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.