Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

«Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлердің құқығы қорғалған

Осы жылы ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттікпен кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды. Жоба аясында атыраулық 5 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Бұл туралы ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Ерұлан Серікқалиев баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Жыл басынан бері жоба аясында өңірдегі 5 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Атап айтқанда, кәсіпкерге көрсетілген қызмет үшін мемлекеттік органнан ала алмай жұрген ақшалай қаражаты аударылды, негізсіз салынған салық алынды, инфрақұрылым бойынша мәселесі шешілді. Айталық, «ҚазТрансГазАймақ» Атырау өндірістік филиалының лауазымды тұлғалары жеке кәсіпкердің жылжымайтын мүлігін газға қосу үшін келісім шартқа 2021 жылдан бастап қол қоймай, әкімшілік кедергілер жасағаны және оған қоса бұрынғы иесінің берешегін жабуды заңсыз талап етуі бойынша өтініш түсті. Департаменттің жедел араласуының нәтижесінде жеке кәсіпкермен газбен жабдықтауға шарт қайта жасалып, бұрынғы иесінің қарызы өндірілмейтін болды,- деді Е.Серікқалиев.

Сонымен қатар Е.Серікқалиев өңір кәсіпкерлеріне жоғарыда атаған мәселелермен кездескен жағдайда департаментке шағымдарын түсіре алатынын жеткізді.

Ол үшін шағымданушылар 1424 нөміріне немесе 87754281282 WhatsApp желісі арқылы хабарласуға болады.

Back to top button