Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 ақпан күні Атырау-Индер тас жолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқанын мәлім етті.
Нәтижесінде Lada Granta автокөлігінің 1997 ж.т. жүргізушісі оқиға орнында, 1962 ж.т. жолаушы ауруханада қаза тапты. Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді.
Соққыдан кейін Toyota Ipsum көлігі өртенген, өрттен зардап шеккендер жоқ.
Аталған дерек бойынша аудандық ПБ-мен ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.