Атырауда қала әкімдігі мен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларынан қардың және мұздардың құлау қаупін алдын алу мақсатындағы іс-шараларды қарқынды атқаруда.
Жауаптылардың айтуынша, қазіргі таңда мұздақтарды жою үшін 3 арнайы техника және 6 қызметкер жұмылдырылған. Сондай-ақ, төтөнше жағдайлар мамандары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғаларына жақын жүрмеу қажеттігін ескертеді.