Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл мәселе ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланған.
Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.
Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі», — делінген хабарламада.