Атырау қаласы Жұлдыз мөлтек ауданындағы «Шолпан» балабақшасына өтінім қабылдау басталды.
Жаңа жыл қарсаңында «Жұлдыз» ықшам ауданында «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында 160 орындық балабақша ашылған болатын.
— Балабақша 14, 15, 16 ақпан күндері жеңілдігі барлардың өтінімін қабылдайды. Яғни, көп балалы отбасылар, әскери қызметкерлердің балалары қамтылады. Ал 17 ақпан күні кезекте тұрған балалардың өтінімі қабылданады. Барлығы 160 орын қарастырылған. Қазір соның 5 орнына өтінім түсті,- деді балабақша меңгерушісі Шарафат Ахметова.
Балабақша меңгерушісінің мәліметінше, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақшада 7 топ бар. Олардың ішінде 3 ең кіші бүлдіршіндерге арналған 20 орындық топ, қалғандары 25 орынға арналған топ.