Бұл туралы Ақорда жазды. Мемлекет басшысы Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барған сапарында Түркиядағы қазақстандық құтқарушыларды елге келген соң марапаттайтынын айтты. Айта кетейік, Президент жұмыс сапарымен Ақмола облысында жүр.
«Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты.Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттайтын боламыз», — деді Мемлекет басшысы.