Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

«Атырау-Астрахан» автожолының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысында автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау мәселелері қаралды.

Отырысты аша отырып, Үкімет басшысы 2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті автожолдарды сапалы салу мен реконструкциялау міндеті қойылғанын атап өтті.

Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті.

Өңірлердің әкімдіктеріне жергілікті автожолдар желісін салу және жөндеу бойынша сапалы жұмыс жүргізу тапсырылды. Құрылыс маусымын бірден бастау үшін мемлекеттік сатып алу мен құрылыс материалдарын сатып алудың барлық рәсімдерін жақын арада тездетіп аяқтау керек.

Сонымен қатар Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін «Атырау-Астрахан»   маңызды автожол жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Back to top button