Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
ӘлемБасты

Түркияда жеті жасар қыз 95 сағаттан кейін үйінді астынан аман табылды

Түркияның Хатай провинциясында 95 сағат бойы қирандының астында жатқан 7 жасар Ася Донмез есімді қыз аман табылды.

Құтқарушылар генерал Шюкрю Қанатлы атындағы аудандағы үйінділердің астынан аман қалған азаматтарды іздеп жүрген. Түгел қираған көпқабатты үйіндінің астында баланың жатқанын білгенқұтқарушылар мен өрт сөндірушілер Асяның еш жеріне жарақат тигізбей, аман алып шыққан. 95 сағат бойы үйіндінің астында тірі жатқан бала қазір ауруханада.

Оқиға орнында құтқарушылар әлі де аман қалған азаматтарды іздеп, үйінділердің астын тазалап жатыр.

Back to top button