Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

«7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында «7-20-25» бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңге құрды. Болашақта тағы 2 бағдарлама аяқталады деп күтілуде, олар «7-20-25» бағдарламасы және импортты алмастыруға және жаңа өндірістер құруға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы». Алайда түрлі жағдайлар ескеріліп бағдарлама 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істейді», — делінген Ғалымжан Пірматовтың жауабында.

Осы жауапқа орай ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банкке хабарласып «7-20-25» бағдарламасының нақты қай уақытқа дейін жалғасатынын сұрады.

Банктің хабарлауынша мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғаспақ.

Жалпы Ұлттық банк болашақта мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үлесін төмендетпек.

«2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңге құрды», — деп жазады Ғалымжан Пірматов.

Back to top button