Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына қаламның ішіндегі темір серіппені жұтып қойған оқушы шұғыл жағдайда түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 8 жасар бала ауруханаға түсер алдында 3 сағат бұрын аузына салып шайнап отырған қаламның серіппесін күлген кезде жұтып қойған, ол тыныс алу жолдарына түскен.
Біраз уақыттан кейін бала жөтелге, тыныс алудың ауырсынуына шағымданған. Ата-анасы баланы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының жедел жәрдем бөлімшесіне жеткізеді. Баланы мамандар тексеріп, кеуде қуысының рентгенографиясын жасады. Рентгенограммада оң жақ бронхта бөгде зат бар екені анықталды. Бірден ауруханаға жатқызылып, манипуляцияға дайындық жасалды.
«Жалпы анестезиямен қатаң трахебронхоскопия жасалды. Оң жақ негізгі бронхтан жанама зат (серіппе) анықталды. Айта кету керек, негізгі бронхтардағы бөтен денені диагностикалау өте қиын.
Серіппе арнайы «крокодил» қыстырғышымен алынады», — дейді №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаев.