Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
ӘлемБасты

Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстанда магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘЭ» сейсмикалық станциялар желісі жазды.

Ұйым мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 11:24-те тіркелген.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан», — делінген жазбада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9 болды. MPV магнитудасы — 4,5. Тереңдігі — 10 шақырым.

Back to top button