Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Қазақстанда орташа жалақы өсті

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

«Қазақстанда 2022 жылдың 4-тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 338 715 теңге болды. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 22,9 пайызды, нақты мәнде 2,8 пайызды құрады», — делінген хабарламада.

Бұл ретте, жалақының медианалық мәні (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) бағалаулар бойынша 2022 жылдың 4-тоқсанында 204 168 теңге.

Бір жылда орташа айлық жалақы құрылыс саласында – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,6%, ақпарат және байланыста 31,9% өсті. Ал түрлі қызмет көрсету саласында керісінше, 2,4% төмендеген.

Өңір бойынша ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркелді — 35,2 пайыз. Ең төменгі өсім Алматы облысында — 6,5 пайыз.

Back to top button