Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорда жазды.
Министр Президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.
«Сонымен қатар, Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды», — делінген хабарламада.