8 ақпан күні боранды ауа райы қарамастан Доссор поселкесінен 120 шақырым қашықтықта орналасқан «Өтеміс» кен орнына қарай 3 ер адамның «Камаз» көлігімен бағыт алып, кері оралмаған. Жақындары төтеншеліктердің көмегіне жүгінді.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері дереу іздестіру- құтқару жұмыстарын жүргізді. 8 сағат бойы жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижелі аяқталып, 3 адам ТЖД күштері көмегімен «Өтеміс» кен орнынан аман есен табылып, Доссор елді мекеніне жеткізілді. Жағдайлары қалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді.
Іздестіру — құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.