Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) апат аймағындағы соңғы мәліметтерді жариялады.
Сонымен қатар бүгін, 8 ақпанда жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда 4 балдық тағы да жер сілкінісі болды.
Еске салсақ, кеше 7 ақпандаТүркияда тағы 5,3 балдық зілзала тіркелген.