Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
ӘлемБасты

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза болғандар саны 3,3 мыңға жетті

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,3 мыңнан асты. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Юнус Сезар айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елдің оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3381-ге жетіп, тағы 20424 адам жарақат алған.

Ал Түркия вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адамның тірідей шығарылғанын айтты. Ол 338 мың адам жатақханаларға, университеттерге және баспаналарға орналастырылғанын ескертті.

Back to top button