Шу қаласында жаңа қант зауыт салынады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Елімізде тағы бір қант зауытын салу мәселесі ұзақ уақыт талқыланып келді. Түріктің Konya компаниясымен бірлесіп Шуда қант зауыт салынады. Қазір аталған жобаны қарастырып жатырмыз. Қант саласын дамыту бағдарламасы 2025 жылға дейін өндірісті 270 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді», — деді Серік Жұманғарин