Атырау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 ж.т. және 2022 ж.т. сәбилерін сатқан 1991 ж.т. БҚО-ның тұрғынын анықтады.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.