Атырау қаласында Балықшы-Жұмыскер көпірінде Toyota және Kia көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы azh.kz сайты жазды.
ПД баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша материалдар жинақталып жатқанын хабарлады. Ал денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы «орташа», бірі қазір травматология бөлімінде, екіншісі нейрохирургия бөлімінде жатқанын айтты.