Қала аумағындағы көшелерде және ауылдық округтердe жиылған қар үйінділерін тазарту және көктайғақтың алдын алу мақсатында жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Таңғы 02:00 ден бастап іске кіріскен қызметкерлер қарды тазартудан бөлек көпірлер мен әлеуметтік-қоғамдық орындарға арнайы ерітінділер себуде. Осы ретте, тазарту жұмыстарына 34 арнайы техника және «Арнаулы автобаза» мекемесінің 250-ге жуық қызметкер жұмылдырылды.
Нәтижесінде, 840 текше метр қар үйіндісі шығарылып, 48 тонна реагент себілді. Бұл жұмыстар жалғасын табады.