Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда қамыс әлі жанып жатыр

Каспий теңізінің жағалауы бойында Атырау қаласынан Жылыой ауданы бағытына қарай 213 км қашықтықта шамамен 7 га көлемінде қамыс жануы орын алды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылып, өрт сөндірушілер сапалақтың көмегімен 3 га көлемінде жануды сөндірді. Жұмыс әлі де жалғасады.
Жану орнында автокөлік жүретін жолдың жоқтығы, жердің батпақты болуы, желдің бағытымен қамыс бықсып қайта өршіп, жаңа өрт ошақтары пайда болуы өртті сөндіруге қиындық туғызғанын атап өткен жөн.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Back to top button