Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда 30 кешенді трансформаторлық станция орнатылады

Бұл туралы «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің көлік, энергетика және байланыс секторының бас маманы Мұхтар Сағандықов айтты.

2020-2021 жылдары қалада 50 дана кешенді трансформаторлық станция орнатылып, 0,4 кВ кернеудегі әуе электр желілері тартылған. Трансформаторлық станциялар Балықшы, Құрсай, Мирас, Бірлік, Мұнайшы, Химпоселок ықшам аудандары мен Ақсай ауылына орнатылған. Сондай-ақ былтыр жазғы уақытта қуаты жеткіліксіз болуы себепті тозығы жеткен кешенді трансформаторлық станциялары Атырау-2 мөлтек ауданында ауыстырылған.

— Бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында 40 дана кешенді трансформаторлық станциялар сатып алынды. Олардың 30-ы орнатылса, 10-ы резервке қойылады. Тұрғындардың жергілікті атқарушы органға түскен арыздарына және «Атырау Жарық» АҚ-ның мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесіне орай 30 орын бекітілді. Оларды Самал, Мирас, Химпоселок, Водников, Жұмыскер, Лесхоз, Атырау, Көкарна ықшам аудандары мен Ақсай, Еркинкала 1, 2 ауылдарына орнату жоспарлануда. Жұмыс қосымша бөлшіктерді жеткізуге мердігер мекеме анықталып, қажетті бөлшектер жеткізілгеннен кейін басталатын болады,- деді М.Сағандықов.

 

Back to top button