Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Сайт арқылы талайды сан соқтырған алаяқ

Астана қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1993ж.т., Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтық әрекетіне барғаны үшін ұсталды. Ол ғаламтор желісінде автокөлік сататын сайттарға(kolesa.kz) жалған жарнамалар жариялаған. Жарнамадағы көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан желі қолданушыларынан жарнаманы алып тастау үшін алдын-ала қаражат жіберуін сұраған. Ал, алдын-ала төлемді әлеуметтік желіде танысқан қыз-келіншектердің банк-шоттарына аудартып, кейін қоғамдық орындарда өзінің карталарының бұғаттаулы екенін айтып кездейсоқ адамдарға аудартып, иемденіп келген. Қазіргі таңда күдіктіні осындай 10 қылмысқа қатысы бары анықталды. Алаяқтың құрбаны болған тұрғындар Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Астана, Шымкент қаласының тұрғындары.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласында қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Back to top button