Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Технология

Атыраудағы №5 су сүзгі станциясының тазарту қондырғалары жаңғыртылуда

2022 жылдың 3-ші тоқсанынан бастап Атырау қаласы, Береке ауылында орналасқан Жайықтың сол жақ жағалауындағы «№5 су сүзгі станциясының» қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы Атырау қалалық Құрылыс бөлімінің мемлекеттік мекемесінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Нұрболат Бөлеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Өткен жылы Жайық өзенінің тартылуына байланысты қала әкімі Мейірім Қалауидың тапсырмасының орындалысына сәйкес, аталған нысанда қосымша қалқымалы сорғы станциясын қарастыру және сыртқы электрмен жабдықтау жобасын қоса қарастыруға байланысты жобалау сметалық құжаттамасына өзгерістер енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта сараптаманың қортындысын күтіп отырымыз. Құрылыс монтаждау жұмыстарын бастапқы бекітілген жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес осы жылдың 4-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған, алайда жобалау сметалық құжаттамасына өзгерістер енгізіліп, қосымша құрылыс жұмыстары пайда болуына сәйкес нысан 2024 жылға созылуы ықтимал. Су тазарту қондырғысының өнімділігі тәулігіне 50 метр куб,- деді Н.Бөлеков.

Айта кетейік, бастапақы жобаның құны 9,3 млрд теңгені құраған. Жоба бітпей қалған нысандар қатарына енуіне байланысты қазіргі таңда жобалау сметалық құжаттамасына түзету енгізіліп жатыр. Осыған байланысты жобаның құны өзгеретін болады.

Back to top button