Атырауда көлік өрті 34%-ға артқан

Осы жылы Атырау облысының аумағында автокөлік өртінің 16 жағдайы тіркеліп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға көп. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Берденов баспасөз брифингінде айтты.
Автокөлік өртінің басым көпшілігі электр токтарының қысқа тұйықталуынан болған. Алайда, тілсіз жаудан зардап шегіп, қаза тапқандар жоқ.
— Биыл Атыраудағы автокөлік өрті төрт жағдайға көбейсе, Жылыой және Құрманғазы аудандарында екі оқиғаға, ал Махамбет, Мақат, Индер аудандандарында бір жағдайдан тіркеліп отыр. Өртке оранған көліктердің 87 пайызы жеңіл, 12 пайызы жүк көлігі. Сондай-ақ олардың 43 пайызы өзіміздің елімізде тіркеуде тұрған болса, 56 пайызы шетелдік тіркеудегі көліктер, — деді Д.Берденов.