Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Басты

Атырау қаласын басқан сасық түтіннің себебі анықталды

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт ошақтарына аэровизуалды тексеру жүргізді.  Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде, Атырау қаласынан 70 шақырым жерде Жылыой ауданы бағытында Каспий теңізінің жағалауында жану аумағы шамамен 9 га аумақты құрайтын 3 жану ошағы анықталды. Жану аумағы иесіз, Каспий теңізінің жағалауында орын алып жатыр. Түтін қалаға қарай бағытталғандықтан, қала аумағында жағымсыз иіс болған.  Сондай-ақ, Исатай ауданы аумағында Каспий теңізінің маңында жалпы аумағы шамамаен 250 га болатын жекелеген жану ошағы анықталып отыр. Бұл жану ошағы Атырау қаласына және елді мекендерге қауіп төндірмейді, себебі түтін бағыты теңізге қарай бағытталған.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт ошақтарын жою мәселелерін қарастыруда.
Айта кету керек, айналасы батпақты жер болғандықтан, өрт сөндіру автотехникасының жану ошақтарына баруына жол жоқ. Сондықтан, қазіргі уақытта қозғалыс маршруты анықталуда.

Back to top button