Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жатақханасы құлағалы тұр. 1972 жылғы ғимараттың тозығы жеткен. Жары жарылып, қызыл тасы түсуде. Студенттер толығымен басқа жатақханаға көшірілген. Мамандар қазір техникалық-сараптамалық жұмыстарды бастаған. Облыс әкімдігі мәселені бақылауда ұстайтынын жеткізді.