Биылдан бастап жеңілдікпен микрокредит беру тетігі іске қосылады
Бұл туралы облыстық Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшы Гүлболат Аманғалиева Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру тетігі іске қосылады. Аталған несиеге өтініш осы жылдың наурыз айынан басталады.
— Микрокредит мерзімі 5 жыл, ал ауыл шаруашылығы үшін 7 жыл. Несиенің ең жоғарғы соммасы 5 миллион теңгені құрайды. Несиеге берілетін сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Алайда, несие алу үшін кепілмен қамтамасыз ету шарт,- деді Г.Аманғалиева.
Айта кетейік, несие беру сенімді өкіл арқылы жүзеге асырылады. Сенімді өкіл өз кезегінде жас кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштерді іріктеп, арнайы комиссия құрамына ұсынатын болады.