Пәкістанда мешітте болған жарылыстан қаза тапқандар саны артты
Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 72 адамға жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Geo TV сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жарылыс мешіттің орталық залында сағат 13.00-де болған. Бұл кезде мешіт төбесі намаз оқу сәтінде опырылып түскен. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, жанкешті намаз уақытында өз-өзін жарып жіберген әрі ол алдыңғы қатарда тұрған. Мешіттің имамы Сахибзада Нұр ул Амин де жарылыстан қаза тапқан.
Шабуылдың жауапкершілігін тыйым салынған Техрик-и-Талибан Пәкістан тобы алған.
Пешавардағы полиция бөлімшесінің аумағындағы мешіттегі жанкештінің шабуылынан зардап шеккендердің саны 72 адамға дейін жетті, өйткені құтқарушылар үйінді астынан тағы тоғыз мәйітті алып шықты», — делінген хабарламада.