Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнынан 34 жастағы әйел мен 6 жасар баланың мәйіттері табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау 26 қаңтар күні сағат 09:09-да түскен.
«Құтқарушылар оқиға орнына сағат 09:17-де жетті. 15 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ үйден газ баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар ұлы қаза болды», – деп хабарлады ТЖД.