Басты
Елімізде киік аулауға рұқсат беріледі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті биыл 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанға дейін «аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы» бұйрық әзірледі деп хабарлады turkystan.kz.
Оған сәйкес, Қазақстанның төрт облысында лимит бойынша барлығы 1815 киік аулау жоспарланған:
Ақмола облысында – 705 киік;
Қарағандыда – 700 киік;
Қостанайда – 210 киік;
Батыс Қазақстанда – 200 киік.