Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Басты

Атырау облысындағы 155 елді мекеннің 131-ның бас жоспары әзірленді

Бұл туралы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде өңірде елді мекендердің бас жоспармен қамтылу көрсеткіші 83,9 %-ға жетіп отыр. Сонымен қатар, 8744,79 гектар аумаққа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген. Сондай-ақ, облыс аумағын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемасы мен 5 жылға арналған Атырау және Құлсары қалаларын жинақы салудың кешенді жоспарлау жобалары әзірленіп, заңдылыққа сай бекітілді.

-Биыл облыс бойынша 9 қала құрылысы жобаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Оның ішінде 7 елді мекеннің бас жоспары мен 2 аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Атырау-Орал автокөлік жолының Индер ауданынан 177 шақырымындағы 150 гектар жерге және Құлсары қаласының Болашақ-2 мөлтек ауданының 500 гектар жерге егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Аталған жобалар заңдылыққа сәйкес бекітілді,- деді Г.Арыстанова.

Оның айтуынша, бүгінде 25 ауыл бас жоспармен қамтамасыз етілмеген. Соның ішінде қала маңындағы 7 ауыл қаланың бас жоспарына сәйкес қаланың құрамына енгізілетіндіктен бас жоспар әзірленбеген. Ал қалған 18 ауылға бас жоспардың қажеттілігін анықтау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Back to top button