Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Басты

Таразда асылып өлген сарбаздың аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті анықталды

Бұл сұмдық жаңалықты арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасаған авдокат Сержан Пралиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2022 жылдың 19 тамызында Ұлттық қауіпсіз комитеті Шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған болатын. Жігіттің жақындарының мүддесін қорғап жүрген адвокат Сержан Пралиев журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді мәлімдеп отыр.

«Мен бұл мәлімдемені жасауға мәжбүр болып отырмын. Өйткені тергеуге қысым бар және тергеу көп нәрсені байқағысы келмейді. Сондықтан бұл мәселеге қоғамның назарын аудармасақ болмайды. Тергеу көзге анық көрініп тұрған фактілерді назарға алмай, әскерге келген жігіттің өліміне нағыз кінәлілерді тексергісі келмейді.

Әуел баста шекарашылар Мираш қызымен ұрысып асылып өлді деген нұсқаны алға тартты. Алайда бұл нұсқа расталған жоқ, өйткені оның жүріп жүрген қызы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сұхбат беріп, онымен ұрыспағанын айтты. Содан кейін, шекара бөліміндегі өзге әскерлер бірінен кейін бірі тергеуге жауап беріп, алдымен осы нұсқаны алға тартты, кейін келісімшарт қызметіндегі бөлім командирі Айбек Нұртаев оны ұрып-соққанын, қорлағанын айтқан. Осылайша, 2022 жылдың 24 тамызында ол ұсталып, «лауазымын асыра пайдаланғаны» үшін сотқа дейінгі тергеу басталды», — дейді адвокат.

Осылайша, істе шикілік барын білген марқұмның адвокаты мен жақындарының арызы бойынша бірқатар сараптама тағайындалған.

«Оның қорытындысы мені, яғни жігіттің адвокатын ғана емес, бүкіл жұртты есінен тандыра жаздады: биологиялық сараптама жігіттің ауыз қуысы мен іш киімінен, футболкасынан екі және одан да көп ер адамға тиесілі шәует (сперманың — ред.) ізі табылғанын анықтады», — дейді адвокат.

Адвокат сөз арасында әскерде бірге қызмет еткен сарбаздардың шәуетіне сараптама жасау жөнінде өтініш берілгенін, алайда бас тартылғанын қозғап өтті.

«Тергеу осы деректі назарға алмай, істі «лауазымын асыра пайдаланған» деген баппен жалғастырмақшы. Бірақ Мираштың өлімін «сексуалды сипаттағы зорлық әрекеті» деген бапқа ауыстыру керек», — дейді адвокат.

Ал, ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге бұл іске қатысты ресми мәлімдеме жасамаған.

 

Back to top button