Басты
Атырауда есірткілік мас күйде көлік басқарған деструктивті діни ағым өкілінен қару тәркіленді
Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1984 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Mercedes Benz автокөлігін тексеру кезінде 5 патроны бар белгісіз тапанша және 1 пышақ тәркіледі.
Тексеру барысында полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындауға қарсылық танытқан жүргізуші есірткілік мас күйде болғаны анықталған.
Сонымен қатар, 1984 ж.т. көлік жүргізушісі мен 1981 ж.т. жолаушының деструктивті діни жат ағым ұстанушылары екені анықталды.