Қоғам
Атыраулықтардың көлік салығына 272 млн.теңгеден астам бережағы бар
Көлік салығына рейд жүріп жатыр. Атырауда автокөлігінің салығын төлемей жүрген 5мыңнан астам жүргізуші бар. Олардың берешек сомасы 272 млн.теңгеден астам. Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Атырау қаласының полиция басқармасымен және Атырау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырды. «Рейдтік іс — шара барысында салық берешегі 1 530 425 теңге болатын Toyota Hilux автокөлігі анықталды, көлік құралы айыппұл тұрағына жіберілген. Автокөліктерді тексеру жыл соңына дейін жалғасады» дейді Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының баспасөз қызметі.