Қоғам
Кеме мұз құрсауында қалды
Атырауда «Амангелді» балық шаурашылығына қарасты кеме үш аптадан бері мұз құсауында тұр. Теңізден балық аулап келе жатқан балықшылар Жайық өзеніне 6 шақырым қалғанда таяз жерге тірелген. Жел соғып, судың келуін күтіп тұрғанда, аяқастынан аяз түсіп, канал бойы қатып қалған. Су көлігінде 7 тоннаға жуық балық бар. Енді бұл кеме көктемге дейін жағаға мүлде шыға алмайды екен.