Қоғам
Солтүстік Қазақстанда 50 жылқы мұз астына түсіп кетті
Желтоқсанның 2-сі күні Айыртау аудандық полиция бөліміне Әлжан ауылында 50 бас жылқы жетіспейтіні туралы хабарлама келіп түскен. Жылқылар ауыл тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Жануарлар 27 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен, — деп хабарлайды Didarmedia.kz.
Іздестіру шаралары барысында Баршы көлінен жоғалған жылқылардың қатып қалған өлекселері табылған.
Артынша, малшы болмаған кезде жылқылар көлдің мұз үстімен қозғалып, кейін суға түсіп қырылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр, өлген жануарлардың нақты саны анықталуда.