Денсаулық
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 4 желтоқсанда ұсынған мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте 156 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, КВИ белгілері бар пневмония 11 адамнан анықталды, — деп хабарлайды Didarmedia.kz тілшісі.
ҚР ДСМ-ның 4 желтоқсандағы мәліметі бойынша, 1 364 адам коронавирус инфекциясынан (1 166 КВИ+ және 198 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 176-сы стационарда, 1 188 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ және КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 4 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.