Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда 56 жастағы ер адамның өліміне себепші болған күдікті бұрын да қылмыс жасаған

Атырауда 56 жастағы ер адамның өліміне себепші болған күдікті бұрын да қылмыс жасаған. Соған байланысты сот үкімімен күдіктінің бас бостандығы 3 жыл 6 айға шектелген. Бұл туралы Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Парменовтің Kazinform тілшісінің сауалына орай жолдаған жауабында жазылған.

«Атырау қаласының №2 сотының 2020 жылғы 18 маусымдағы үкімімен М.А. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сотталып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы берілді. Бұл жаза сотталушыға кінәні мойындау туралы процестік келісім шегінде тағайындалды. Жаза тағайындау барысында сотталғанның жазасы мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде шын жүректен өкінгені мен асырауында жас балаларының болғаны танылды. Ал, жазаны ауырлататын мән-жай анықталмады», — деп хабарлады Мұхтар Парменов.

Оның айтуынша, Атырау қалалық пробация қызметі рақымшылық жасау туралы заңына байланысты негізгі жазаны өтеу мерзімін қысқарту туралы ұсыныспен сотқа жүгінген.

«Атырау қаласының №2 сотының 2022 жылғы 20 қаңтардағы қаулысымен Атырау қалалық пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды. Сот үкімімен сотталған М.А.-ның өтелмеген жазасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 3-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес 7 ай 18 күнге қысқартылды. Кейін сотталушы бас бостандығын шектеу жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатпен сотқа жүгінді. Атырау қаласының №2 сотының 2022 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен сотталушының өтінішхаты қанағаттандырылып, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімі 7 ай 27 күнді одан әрі өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды», — деп мәлім етті Мұхтар Пәрменов.

Back to top button