Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Биыл Атырауда 563 кәсіпкердің жобасы қолдау тапқан

2024 жылы «Бизнес жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттее 11,8 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде, несие сомасы 10,8 млрд теңгеге 563 кәсіпкердің жобасы қолдау тапты. Нәтижесінде, алдағы уақытта облыста 363 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Бюджет қаржысын тиімді пайдалану мақсатында несиелендірілген жобалар «Даму» қорымен арнайы мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Кемшіліктер анықталған жағдайда ескертулер беріліп, сотқа дейінгі талап арыз жолданады.

Сонымен қатар, өңірде кәсіпкерлік саладағы белсенділік артып келеді. Аталған бағдарлама аясында былтыр 300-гк жуық өтінім түссе, биыл бұл көрсеткіш 2 есегк көп. 2024 жылы бағдарламаға қатысуға ниетте азаматтардан жалпы саны 600-ге жуық өтініш келіп түскен.

Back to top button