Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда жыл басынан бері мотоциклдің кесірінен 5 адам көз жұмған

Жолдағы апат азаймай тұр, әсіресе электр көлігін тізгіндеген жүргізушілер арасында жол ережесін бұзу фактілері жиілеген.Осы орайда 5 наурыз бен 31 тамыз аралығында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Бұл туралы Атырау қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің кадр және тәрбие жөніндегі орынбасары полиция капитаны Тұрарбек Сатыбаев мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Полиция капитаны Тұрарбек Сатыбаевтің айтуынша, жүргізушілердің басым бөлігі жылдамдық асыру, басып озу және бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамау, қауіпсіздік талаптарын орындамау бойынша жауапқа тартылады.

-Бүгін қала орталығында жол ережесін бұзған мопед, скутер көлік жүргізушілерін тоқтатып, хаттама толтырып, айыппұл тұрағына қойып жатырмыз. Бұндай жұмыстар күн сайын жүргізілетін болады. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, 120-дан астам скутер, мопед арнайы тұраққа қойылды. Әдетте мұндай көлік түрлерін жасөспірімдер тізгіндейді. Бұл жүргізушілер жолда жүрудің қарапайым ережелерін сақтамайды. Соның кесірінен апатты жағдайлар туындап жатады. Мұның салдары денсаулық пен өмірге үлкен қауіп төндіретінін естен шығармаңыздар,- деді Т. Сатыбаев.

Тіркелген 106 жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 53 адам дене жарақатын алып, 5 адам қайтыс болды. Былтыр 29 маусымда Жол қозғалысы туралы заңнамаға өзгерістер енді. Соған сәйкес, скутер, мопед, самокат жүргізушілері жолда жүру ережесін бұзғаны анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 127, 440, 620, 593 баптарына сай Әкімшілік хаттама толтырылады.

Back to top button