Биыл Атырауда 552 мың тонна мал азығын дайындау жоспарлануда
Атырау облысы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған мал қыстатуға қажетті ірі сабақты мал азығының көлемі 605 мың тонна және қажетті құрама жем 44 мың тоннаны құрайды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ресми өкілі Ақтілек Нұроллаеваның айтуынша, табиғи және екпе шөптер, жоңышқа мен судан шөптері өсіреледі. Облыста «Карат»ЖШС кебек жемдерін шығарады, сондай-ақ, қажетті қосымша ірі сабақты мал азығы мен құрама жемдерді БҚО, Ақтөбе облыстарынан тасымалданады.
-Былтырдан қалған ірі сабақты мал азығының көлемі 52 мың тонна, ал биыл 552 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланып отыр. Қазір өңірде дайындалған мал азығының көлемі 132 мың тонна, бұл науқан қазанға дейін жүргізіледі. Индер, Қызылқоға, Құрманғазы және Жылыой аудандары мал азығын дайындаудан басымдыққа ие,-деді А.Нұроллаева