Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен жұмыссыз жүрген азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңкеге облыстағы 38 ірі мекеме қатысып, 300-ден аса ваканттық жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде Атырау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Әділет департаменті, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, «АМӨЗ» ЖШС, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Каспиан Инжиниринг» ЖШС, «INFINITI MOLL» ЖШС, «Атырау — Жарық» АҚ және басқа да компаниялар бар.

Ұсынылған мамандықтар: көлік жүргізуші, экономист, фельдшер, инженер, аспаз, даяршы, менеджер, бухалтер, заңгер, электрик, математика, информатика пәнінің мұғалімі, кітапханашы, сатушы-кеңесші және тағы басқа.

«Жастар рухы» Жастар қанаты АОФ-ның төрағасы Абылай Құрметұлының айтуынша, бұл іс-шара «AMANAT» партиясы АОФ-ның және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен өтуде.

-Тұрғындардың қатысу белсенділігі жоғары, бүгін 500-ден аса адам келді. Мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету. Жәрмеңке қорытындысымен тестілеу арқылы мамандар жұмысқа қабылданады. Мекемелер қабылдаған жағдайда басқармаға ескертеді. Сондай-ақ, бүгін алимент өтемеген борышкерлер де қатысып отыр,- деді А.Құрметұлы.

Айта кетейік, 1-ші шілдедегі мәліметке сәйкес облыста 18 704 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр.

Back to top button