Оқиға Индер ауданында болған. Полиция бөлімінің хабарлауынша, 25 шілде күні сағат 10:30 шамасында Индер ауданы Бөдене ауылының тұсында Nissan Teana көлігінің 30 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай жол жиегіне шығып аударылған. Жарақат алған 3 жолаушы мен жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда іс-құжаттар жинақталуда.