Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда қарақұрт шаққан малдарға емдеу шаралары жүргізілуде

Атырау облысы аумағында соның ішінде құмды өңірлерде улы бүйе – қарақұрттың көбейіп, ауыл шаруашылығы жануарларына зардап шегуде. Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында 485 бас түйе малын қарақұрт шағып, нәтижесінде 90 бас шығын болды. Симптоматикалық емдеу шаралары нәтижесінде 306 бас жануар сауығып, 89 бас малға әлі де емдеу жүргізілуде. Өлген мал иелеріне 65 211,2 мың теңге шығын келтірілді.

Айта кетейік, улы жәндіктердің шағуының алдын алу, емдеу және өлген жануарларға өтемақы төлеу бюджет қаржысы есебінен қарастырылмаған. Алайда, соған қарамастан жергілікті ветеринар мамандар улы жәндік шаққан жануарларды емдеу шараларын күнделікті жүргізуде. Сондай-ақ, улы бүйірлерден қорғану немесе оларды жоюды бюджет қаржысы есебінен атқарылатын іс-шаралар тізбесіне қосу бойынша шаралар қабылдау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолданды.

Осы ретте, мал иелеріне улы жәндіктер көп тараған жайылымда түйе, жылқы және сиыр малдарын жаюдан бас тартуды, ауру белгілері білінген жануарлар туралы жедел түрде ветеринар мамандарға хабарлауды, сондай-ақ емдеу шараларын қабылдап жатқан жануарларды күтіп-бағу ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Себебі, улы жәндіктер шаққаннан кейін жедел түрде ветеринариялық емдеу шараларының қолдануы малды өлімнен алып қалудың ең негізгі жолы.

Back to top button