Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Қызылқоғада мал азығы үшін жоңышқа мен судан шөбі өсірілуде

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудандық жер қатынастары және ауылшаруышылығы бөлімінің мәліметінше, биылғы қысқы мал азығы 138 428 тоннаны құрайды. Оның ішінде 27409 тоннасы былтырдан қалған шөп болса, биыл дайындалатын мал азығы 111 019 тонна деп жоспарланған.

Одан өзге, аудан тұрғыны Дастан Ізғали мал басын қажетті жем-шөппен қамтамасыз етуде қиыншылықтар туындамас үшін қосымша жоңышқа мен судан шөбін өсіруде. Оған әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп, көктем айында Қазантөңкерген алқабынан 6 гектар жер беріп, арнайы техникалармен көмек етті.

-Өткен жылы тәжірибе ретінде дақылдарды жеке тұрғын үйімнің ауласына ектім. Содан кейін өнім алған соң биыл әкімдік тарапынан қолдау алып, Қазантөңкерген алқабына дән шаштым. Басты мақсатым — жемшөптің ішіндегі ең құндысы саналатын мал азығын дайындап, аудан тұрғындарына ұсыну. Себебі, мал шаруашылығы дамыған аудан үшін бұл жақсы жұмыс деп білемін. Жоңышқа шөбі көпжылдық өсімдікке жатады. Оны биыл егіп, бес жыл қатарынан оруға болады. Ал судан шөбінен бір жылда үш рет орып, өнім алуға мүмкіндік бар. Келер жылы жер көлемін ұлғайтып, осы кәсіпті дамытқым келеді,- деді Д.Ізғали.

Back to top button