Өңірде үйірлі шегірткенің италяндық прус және азиялық түрлері көбейген, ал қалада саяқ шегірткелер қаптап кетті. Бүгінде жою үшін жерді өңдеу жұмыстары басталып кетті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазір 86 мың гектардан астам жер үйірлі, 10 мың гектардан астамы саяқ шегірткеге, сонымен қатар 1600 гектар шалғын көбелегіне қарсы жүргізілді.
Республикалық антисанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РМК АОФ басшысы Хамидолла Дәулетқалиевтің айтуынша, шегірткелердің көбуіне себеп көп.
⁃ Ұсақ жәндіктер он-он екі жыл сайын шекті деңгейде көбейеді. Биыл сол уақытқа тап келіп тұр. Мұндай жағдай бұрын 2012-2014 жылы болды. Екіншіден, өр суының көп келуі олардың тіршілік ету аралын тарылтып жіберді. Яғни, олар көп судың келетінін сезіп, жағалаудағы, қамыстағы мекендерін тастап, қалаға қарай жақындады. Ал, шегірткелердің қала ішінде көбеюі — кез келген жәндік секілді жарыққа үйірілуі себебінен болып отыр. Үшіншіден, шегірткелер күннің жоғарғы температурасында көбейеді,-деді Х.Дәулетқалиев.
Маманның мәліметінше, зиянкестің пайдасы да жоқ емес. Үйірлі шегірткелер далалық аймақта дернәсіл салатын жақсы мекен іздейді. Олар таңдаған жер — табиғи тыңайтқыш. Яғни, биыл шегіртке жеген жерге, келер жылы шөп шүйгін шығады деп болжап отыр.