Атырау облысы аумағында 8-12 шілде аралығында екі кезеңнен тұратын республикалық “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара кезінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар тексерілді.
Нәтижесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымына қатысты ережелерді сақтамағаны үшін 10 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 7 тонна 840 келі прекурсорлар мен 751 дана есірткі, психотроптық дәрілік препараттар тәркіленді.
Сонымен қатар, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен 3 қылмыстық іс анықталып, күдіктілер УҰИ-на қамауға алынды. Олардан барлығы шамамен 529 грамм синтетикалық есірткілер тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына жүргізілген жедел-тергеу жұмыстары нәтижесінде рұқсатсыз сатуға тыйым салынған тропикамид препараттары анықталып, тәркіленді.